Алматыда мәдениеттанулық ғылым туралы халықаралық конференция болады

None
МАТЫ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 30 қараша күні «Тәуелсіз Қазақстанның 20 жыл дамуындағы мәдениеттанулық ғылым: мәселелер, ізденістер, шешімдер» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ол ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі мәдениеттану мамандығының құрылғанына 20 жыл толуына арналып отыр. Бұл алқалы жиынға мемелекеттік билік, білім беру, мәдениет және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда. Онда мәдениеттанулық білімнің қазіргі жағдайы, қазақстандық мәдениеттанулық мектептің дамуы, бәсекеге қабілетті мәдениеттанушыларды қалыптастыру жолдарын іздеу мәселелері талқыланбақ. Конференция жұмысы секциялық 3 мәжіліс пен «Мәдениеттанудың іргелі мәселелері: Қазақстан Республикасының әлеуметтік модернизациялану контекстіндегі мәдениеттанулық ғылымның болашағы мен жетістіктері», « Тәуелсіз Қазақстан: 20 жыл сенім, тұрақтылық, мәдениетаралық байланыстардың және қоғамның топтасуы" деп аталатын дөңгелек үстел жиыны арқылы жүреді.