Алматыда «Махаббат. Желтоқсан. Фотосуреттер» көрмесі өтуде

None
АЛМАТЫ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Мен бұл көрмені сөзбен айтып жеткізе алар емеспін, өйткені ол махаббат туралы. Бұл туралы ақындар жазады, ал мен фотографпын, оған қарап, суретке түсіруге тырысамын», - деді Алматыдағы «Махаббат. Желтоқсан. Фотосуреттер» көрмесінің ашылуы кезінде қазақстандық фотограф Алексей Романов.

«Бұл менің сезімге деген көзқарасым, менің «Махаббат деген не?» сұрағына жауап беруге тырысқаным. Әрбір фотосуретте екі адамның сүйіспеншілігі  бейнеленген. Маған бір бөлмеде осындай 50 фотосуретті ілгенде не шығатынына қарау қызық», - деп қосты А.Романов.

Көрме қарым-қатынастар мен олардың адам өміріндегі рөліне арналған. Екі жыл бойы Алексей ғашықтарды суретке  түсіріп жүрді, көрмеде бұл топтаманың 50 портреті ұсынылды. Көрме 8 желтоқсанға дейін өтеді.

А.Романовтың түсірілімдеріне Вера Брежнева,  Егор Кончаловский, «Бумбокс» тобы, Ділназ Ахмадиева, Медеу Арынбаев, Қыдырәлі Болманов, Нұрлан Абдуллин, Бауыржан Исаев,  Қайрат Түнтеков және тағы басқа көптеген әртістер сенімдерін білдірді. Соңғы жылдары Алексей отбасылық портреттік фотогсуреттерді түсірумен айналысып келеді.