Алматыда мамыр айында Сайран көлінің айналасын абаттандыру жұмыстары басталады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Сайран көлінің түбін тазалау жұмыстары аяқталған соң, айналасын абаттандыру жұмыстары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: gov.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде ақпан айынан бастап Сайран көлінің түбін тұнба шөгінділерінен механикалық тазарту жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Жоспарға сәйкес, жұмыстар мамыр айының соңына дейін бітуі тиіс.

«Көлдің түбін тазаланып болған соң, оның аумағына реконстуркциялау мен абаттандыру жұмыстарын бастағалы отырмыз. Мемлекеттік сараптамадан құжаттамасы осы айда шығады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарын тамыз айында бастауды жоспарлап отырмыз. Ол жұмыстар 2024 жылдың үшінші тоқсанында аяқталатын болады», - деді Ерболат Досаев.

Еске салсақ, Алматыда ақпан айында Сайран көлінің түбін тазарту жұмыстары басталған болатын.