Синоптиктердің болжамына сәйкес, бұл айда Алматыда орташа ауа температурасы 17,5 градус болады.
«Алғашқы онкүндіктің басында температура түнде 10 15-тен 5 10 градусқа дейін, күндіз 27 32-ден 20 25 градусқа дейін ауытқиды деп күтіледі. Онкүндіктің соңында түнде 5 10, күндіз 15 20 градусқа дейін төмендеуі ықтимал», - деді «Қазидромет» РМК директоры Марина Шмидт.
Ауа райын ұзақ мерзімді болжау басқармасының бастығы Жұлдыз Исабекованың айтуынша, екінші онкүндіктің басында ауа температурасы төмендейді: түнде 0, 5 дейін, топырақ бетінде 3 градусқа дейін, күндіз 10 15 градусқа дейін.
«Ал онкүндіктің ортасында температура түнде 8 13, күндіз 20 25 градусқа көтеріледі деп күтілуде. Кейін түнде 3 8, күндіз 15 20 градусқа дейін төмендейді. Онкүндіктің соңында термометр бағаны біртіндеп жоғарылайды.
Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде 15 20, күндіз 29 34 градусқа дейін көтерілетіні болжануда.
Мамыр айында жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары түседі. Жаңбыр, найзағай және 15-20 м/с екпіндегі жел жиі болады деп күтіледі.
Екінші онкүндіктің ортасы мен соңында тұман түсуі ықтимал», - деді Жұлдыз Исабекова.