Оған суретші М.Айтжановтың 20009-2012 жылдары салынған 25 туындысы қойылған. Олар - қылқалам шеберінің ең сүйікті натюрморт, портрет, пейзаж жанрларындағы шығармалары. Көрмеге оның жары сәндік-қолданбалы өнер шебері Рәзия Әбдинаның керамикалық миниатюралары және қол ұстасқан қуыршақтары мен аңдардың бейнелері сомдалған шығармалары қойылып отыр.
М.Айтжанов 1978 жылы қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің көркем-сызба факультетін бітірген болатын. Одан кейін Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында суретші-декоратор ретінде ойындық және мультипликациялық фильмдерде жұмыс жасады. Суретші-өрнекші ретінде ол сондай-ақ, қаладағы барлық топтық көрмелерге қатысып келе жатыр.