Алматыда мас күйінде көлік айдап, адам өлтірген әйел қамалды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда мас күйінде көлік тізгіндеп, адам қаққан әйел қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты 17 қарашада болған. Розыбакиев көшесімен келе жатқан 27 жастағы Hyundai жүргізушісі «Мега» сауда үйінің қасында ер адамды қағып кеткен болатын. Кейін анықталғандай, әйел мас болған. Соққы алған ер адам сол жерде көз жұмды.

«Тергеу соты әйелді 2 ай мерзімге қамау туралы шешім шығарды. Күдікті 2020 жылдың 29 қаңтарына дейін қамауда отырады», - деді Алматы қалалық сотынан.

Жол апатынан соң жүргізуші қамауға алынған болатын. Алайда кейін ол еш жаққа кетпеу туралы қолхатпен босап шыққан еді.

Соңғы жаңалықтар