деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІД ЖПБ-на сілтеме жасап.
Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Мұхтар Аманбековтың айтуынша, бейсенбі күні Ходжанов көшесі бойында 9-шы бағыттағы троллейбус жүргізушісі тоқтатылған.Тексеру кезінде оның қоғамдық көлік рөліне есірткіге елтіп отырғаны анықталған.Дәл осы күні мас күйінде жолаушылар тасып жүрген 29-шы бағыттағы автобустың жүргізушісі құрықталған.Ал жұма күні 2 троллейбус жүргізушісі мас болғаны үшін ұсталған. Көлік салонына жолаушыларды толтырып алып, мас күйінде рөлге отырған бұлардың істері әкімшілік сотқа тапсырылады.Бұлармен қатар оларды жолаушы тасуға рұқсат берген мекеме басшылары да жауапкершілікке тартылмақ.