Алматыда мас жігіт балалар ойнайтын алаңға «бомба қойды»
Белгісіз біреу Рысқұлов және Момышұлы көшелерінің маңындағы балалар алаңына жарылғыш зат қойылғанын айтқан.
Нысанды жедел тексеру кезінде қоңыраудың жалған екені белгілі болды.
«Қазіргі заманғы қауіпсіздік жүйесімен әдейі жалған хабар айтып, қоңырау шалған адамды табу қиын емес. Кешенді жедел іздестіру шаралары барысында Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. А. есімді азамат мас болды және неліктен жалған қоңырау шалғанын айта алмады. Ер адам жауапқа тартылады. Әдетте, лаңкестік актісі туралы жалған хабарламаның салдарынан халық арасында дүрбелең туындап, адамдардың едәуір бөлігі жарылғыш затты іздеуге алаңдайды, бүкіл төтенше жағдайлар қызметі жұмылдырылады», - дейді Алатау аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Құмарбек Кеншінбаев.
Сондай-ақ спикер лаңкестік актісі туралы қасақана жалған хабарлағандар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын атап өтті.