Оқиға Гагарин-Қарасай батыр көшелерінің қиылысында болған.
Куәгерлердің айтуынша, Гагарин көшесімен төмен қарай келе жатқан Митсубиси Лансер көлігі бір джиппен жарысқан. Жолға таласып келе жатқанда қос көлік Қарасай батыр көшесінде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.
Сол сәтте Митсубиси Лансер көлігі Қарасай батыр көшесімен келе жатқан эвакуаторға соғылады. Соққыдан Митсубиси талдардың арасына шығып кетсе, эвакуатор арыққа түсіп кеткен.
Жол апатынан эвакуатордың жолаушысы мен жүргізушісі зардап шекті.
Жолаушы қызды жедел жәрдем ауруханаға алып кетті. Кейін белгілі болғандай, Митсубиси көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы мас күйінде көлікті тастай қашқан.