Жол оқиғасы Райымбек-Охрименко көшелерінің қиылысында болған. Райымбек даңғылымен шығысқа бағыт алған Mersedes жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен.
Соның кесірінен қарсы бетте келе жатқан Toyota көлігіне соқтығысты.
Жол апатынан Mersedes жүргізушісі бірнеше жерінен жарақат алды. Оны жедел жәрдем ауруханаға алып кетті.
Кейін белгілі болғандай, ол мас күйінше көлік рөліне отырған.
Айта кетейік, бүгін түнде Алматыда тағы бір мас жүргізушінің кесірінен жеңіл және жүк көліктері соқтығысқан болатын.