«Маска бойынша қазір қалада 48 ірі дәріхана желісі анықталды. Оларға күн сайын 80 мың маска жеткізіліп тұрады. Бүгін 50 мың маска жеткіземіз», - деді С.Тұяқбаев.
Оның айтуынша, қазір әкімдік төртжақты келісім жасасқан. Өндіруші «Дольче фарм» компаниясы, әкімдік, фармацевтикалық бақылау департаменті, дәріханалар желісі маскаларды өндіру мен жеткізу, баға саясаты бойынша уағдаластыққа келді.
«Енді 3 қабатты маска - 87 теңгеден, көмір фильтрі бар маска - 111 теңгеден сатылатын болды. «Дольче фарм» компаниясы қазір екінші өндіріс желісін іске қосты. Маска саудасы дәріханалардағы камера арқылы бақыланады», -деді қала әкімінің орынбасары.