Алматыда Мәскеу күндері өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бақытжан Сағынтаев Ресейдің Бас консулы Евегений Бобровпен кездесті. Кездесу барысында өңіраралық ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Бұл туралы Алматы әкімі өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.

«АлматыдағыРесейдің Бас консулы Евгений Бобровпен өңіраралық ынтымақтастықперспективаларын талқыладық. Мәдени-гуманитарлық, экономикалық байланыстынығайтамыз. Қараша айында Алматыда Мәскеу күндері мен Санкт-Петербургтіңгуманитарлық-іскерлік миссиясы өтетін болады. Жан-жақты қолдау көрсетеміз»,-депжазды Бақытжан Сағынтаев facebook-тегі парақшасында.