Алматыда мәскеулік дәрігер кардиохирургтерге шеберлік сабағын өткізді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында И.Сеченов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің №1 университеттік клиникалық ауруханасының жетекші аритмологы Алексей Цыганов шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шеберлік класты өткізудің мақсаты - интервенциялық аритмологияның заманауи технологияларын қолдануда мамандардың дағдыларын арттыру, оның ішінде жүрек ырғағының қақпақшалық бұзылыстары бар пациенттерде жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеулер мен катетерлі аблацияны қолдану, жасанды қақпақшаға алмастыруды үйрету.

Жас мамандардың қатысуымен өткен шеберлік класс барысында жүрек ырғағының күрделі бұзылыстары бар түрлі жастағы пациенттерге операция жасалды. Оларды жүрек жұмысындағы үзілістер, ентігу, әлсіздік, бас айналу, тез шаршау секілді белгілер мазалаған.

«Аритмология, білім мен клиникалық практиканың саласы ретінде жылдам жаңарып отырады, сонымен қатар ол кардиологияның ең күрделі бөлімдерінің бірі. Жақсы маман болу үшін үнемі оқу қажет. Сондықтан, жетекші медициналық орталықтармен ынтымақтастық шеңберінде біз үнемі шеберлік кластар, семинарлар өткізіп тұрамыз. Мұндағы мақсатымыз мамандарымыздың әріптестерімен араласуға, біліктілігін арттыруына, жаңа білім алуына, жаңа жабдықтарда жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау», - деп атап Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Роза Қуанышбекова.

Оның айтуынша, операциялар сәтті өтті. Клиникада соңғы жылдары 3 мыңнан астам осындай операция жасалғанды.