Қалалық полицияның мәліметінше , жезөкшелер үйі қаланың Медеу ауданындағы зәулім үйде орналасқан.
Оның жұмысшылары тұрақты, сенімді клиенттерге ғана қызмет көрсеткен.
Жалпы, бұл бизнесті алға жылжытатын негізгі алаңдар - хабарландырулар, танысу сайттары және танымал мессенджерлер.
Мысалы, бұл жеңіл жүрісті әйелдер өз ісін сауықтыру массажы деп атаған.
«Жалпы, кеше түнде 23 жеңіл жүрісті әйел ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді, оның үшеуі Өзбекстаннан келген. Қалғаны - біздің отандастарымыз, негізінен Түркістан және Жамбыл облыстарының тұрғындары. Әкелінген әйелдердің заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілді», - дейді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Еркін Іңкәров.
Полиция сонымен қатар жезөкшелікпен айналысуға үй-жайын берген ғимарат иесін, сондай-ақ, жезөкшелер үйін ұйымдастырушыны да жауапкершілікке тартқан.