Алматыда математика пәні мұғалімдерінің қалалық форумы өтеді

АЛМАТЫ. 14 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 15 сәуірде математика пәні мұғалімдерінің қалалық форумы болады.

Бұған дейін білім беру мекемелерінде мектепішілік, аудандық конференцияларда оған қатысатын кандидаттар ұсынылған болатын. Бұл форумда «Алматы қаласы мектептеріндегі математикалық білімнің дамуы: жағдайы мен келешегі» деген тақырыппен математикалық білім беру сапасын арттырудың өзекті мәселелері талқыланады. Олардың арасында жекелеген білім беру ұйымдарының және аудандық білім бөлімінің басшылары, ғалымдар мен білім беру ісінің үздіктері бар. Форум соңында 10-11 мамыр күндері Астанада өтетін математика пәні мұғалімдерінің І Съезіне Алматы қаласынан қатысатын делегаттар сайланады.