Зияткерлік меншік құқығы комитеті Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) және Репрография құқықтары жөніндегі халықаралық федерациясымен (IFRRO) бірлесіп, «Мәтіндік және бейнелеу жұмыстарына құқықтарды ұжымдық басқару» тақырыбында халықаралық семинар өткізеді.
ДЗМҰ (World Intellectual Property Organization, WIPO ) - 1967 жылы құрылған халықаралық ұйым, зияткерлік меншік саласындағы негізгі, ең алдымен Әдеби және көркем шығармаларды қорғау туралы Берн конвенциясы мен Өнеркәсіп меншігін қорғау туралы Париж конвенциясы, халықаралық конвенцияларды әкімшілендірумен айналысады. 1974 жылдан бастап Біріккен ұлттар ұйымының мамандырылған мемкемесінің шығармашылық пен зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі қызметтерін атқарады.
Бүгінгі таңда 185 мемлекет немесе әлемнің 90 % елі ДЗМҰ-ның мүшелігіне кіреді. ДЗМҰ-ның хатшылығы немесе Халықаралық бюро Женевада (Швейцария ) орналасқан және 90-нан астам елді өкілдік ететін штаттық қызметшілері бар. 2008 жылғы 1 қазаннан бастап ұйымның Бас директоры Фрэнсис Гарри болып табылады.
IFFRO (International Federation of Reproduction Rights Organisations) - тәуелсіз ұйым, Берн конвенциясы мен Авторлық құқық жөніндегі жалпыға бірдей конвенциясында бекітілген, халықаралық авторлық құқықтың негіз қалаушы қағидаларының негізінде құрылған. Оның мақсаты халықаралық деңгейде қайта шығару құқығын ұжымдық басқаруға атсалысу болып табылады. Ұйым 1984 жылы қызмет ете бастады.
IFFRO бүкіл әлемдегі туындыларды репрографиялық қайта шығару құқығын басқару жөніндегі ұйымдарды біріктіріп, оларға өкілдік етеді. IFFRO 114 мүшесінің арасында ұлттық ұйымдар, сондай-ақ авторлар мен баспагерлердің ұлттық және халықаралық қауымдастықтар бар.
Аталған іс-шараның шеңберінде келесі мәселелер қарастырылады: авторлық құқық пен сабақтас құқықтар бойынша ДЗМҰ-ның соңғы жұмыстары; баспа саласында құқықтарды басқару; Қазақстан Республикасы, Грузия заңнамасында қайта шығаруға құқықтар; репрография үшін ұжымдық басқарудың модельдері; мәжбүрсіз лицензия; құқықтық лицензиялар - алымдар; білім беру саласында репрографияны басқару; репрографиядағы құқық иелері; Қазақстанда, Грузияда қайта шығару құқығы саласында ұжымдық басқару; тарифтер мен айыппұлдар: жалпы ережелер мен ұлттық тәжірибе; бөлісу: жалпы ережелер мен ұлттық тәжірибе; шетел құқық иелері; ДЗМҰ-ның IFRRO-мен ынтымақтастық пен даму бағдарламасы.
Семирнарға шетел қонақтары, ДЗМҰ-ның Еуропа мен Азияның кейбір елдерімен ынтымақтастық жөніндегі басқару жобаларының жетекшісі Сәуле Тілеулесова, IFRRO өкілдері Ингрид де Ребакуа, Саманта Элизабет Холман және Грузия патенттік ведомствосының өкілдері қатысады.