Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл сайын ұйымдастырылатын игі шара биыл Алматыдағы Республика сарайында өтпек. Рухани кеште ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі және ұлт зиялылары, дінтанушы-ғалымдар мәуліт мерекесімен құттықтайды һәм уағыз айтады. Қарилар тобы мәуліт оқыса, өнер жұлдыздары діни әндер орындайды. Белгілі ақындар иман, иба жайлы айтысып, салтанатты шараның көркін қыздырмақ.