Шығармашылық көрмесі тек зообақ қызметкерлерінің ғана емес кәсіби суретшілердің де қызығушылығын туғызып отыр.
Келушілердің назарына 10 сурет қойылған. Бұл шығармашылық «иесінің» сақталған нұсқалары. Басқаларын зообақ тұрғындары жойып отырған.
Приматтар секциясының жетекшісі Шолпан Әбдібекова шимпанзеге сурет салуды өзі үйреткен. «Қылқалам шеберіне» бояу, қағаз, тағы басқа құралдарды «Юннат» жас натуралистер клубы тауып берген.