Алматыда Mazda көлігі жанып кетті
23:12, 08 Наурыз 2018
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Mazda маркалы көлік жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.
Көлік жүргізушінің сөзіне қарағанда, ол Рысқұлов даңғылы бойымен келе жатқан, кенеттен көлік жүрмей тоқтап қалған. Ол машинаны бірнеше рет оталдырып көрген кезде, автокөліктің мотор бөлігі жана бастаған. Оған жанынан өтіп бара жатқан жүргізушілер көмекке келген.