Алматыда Мәжіліс депутаттары жұмысшы қауыммен кездесті

АЛМАТЫ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары Алматы көпір конструкциясы зауытының ұжымымен Елбасы Жолдауын түсіндіру, насихаттау мақсатында кездесу өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Нұр Отан» ХДП Мәжілістегі фракциясы мен Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен кездесуге Мәжілістің вице-спикері Сергей Дьяченко, Гүлмира Исембаева, Николай Турецкий, Серікжан Мұқашев сынды депутаттар мен мекеме басшылары, жұмыскерлер қатысты.Кездесуді ашқан ККАЗ директоры Ахмеджан Шардиновтің айтуынша, зауыттың бірінші тоқсандағы өнім көлемі 505 миллион теңгені құраған.Өткен жылдың сәйкес мерзімінде 425 миллион теңгені құраған. Дайын өнімдер 622 миллион теңгеге сатылған, бұл өткен жылдың осындай мезгілімен салыстырғанда 78 пайызға жоғары. Зауыт басшысының айтуынша, дағдарысқа қарамастан зауыт өсім көрсетуде. Қазіргі кезде зауытта 515 адам жұмыс істеуде. Олардың жалақысының орташа көлемі 80 457 теңгені құрайды.Мәжіліс депутаттары зауыт ұжымына Елбасы Жолдауындағы басымдылықтарды жан-жақты түсіндіріп, дағдарыспен күрес жайлы мәлім етті.Мәжіліс вице-спикері С.Дьяченконың айтуынша, дағдарыс барлық елде орын алды және барлық елдер дерлік дағдарыспен күресті жалғастыруда. «Қазақстан үкіметі әлем елдері ішінде алғашқылардың бірі болып дағдарыспен күрес үшін экономика мен қаржы секторына қаржы бөлді. Бізге алдағы уақытта осындай кездесулер арқылы ой қосып, алға ұмтылу керек», деді Мәжіліс депутаты.Зауыт жұмысшылары Мәжіліс депутаттарына алғыс білдіріп, Елбасы Жолдауында айтылған жайттардың жүзеге асуына біріге отырып қол созатындарын атап өтті.