«Алматы Су» кәсіпорны мәлім еткендей, 8 тамыз күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Медеу ауданындағы Қазыбек би – Назарбаев – Құрманғазы – Қонаев; Қазыбек би – Назарбаев – Төле би – Қайырбеков көшелерінің контурында сумен жабдықтау қызметі уақытша тоқтатылады.
«Аталған аумақтардағы тұтынушыларды суық судан уақытша ажырату сумен жабдықтау желілері мен нысандарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын орындауға байланысты. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Алматыда жауын-шашынның салдарынан Медеу ауданы тұрғындары сусыз қалған еді.
Кейін Медеу ауданының тұрғындарына кестеге сәйкес су беріле бастады.
Одан кейін Медеу ауданын сумен жабдықтау толығымен қалпына келтірілген еді.
Алайда, көп ұзамай Медеу және Алатау аудандары ыстық судан ажыратылған болатын.