АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала күніне орай жоспарланған Медеудегі баспалдаққа жүгіру шарасы өтпейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
1988 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі «Медеу баспалдақ» шарасы 18 қыркүйекке жоспарланған. Аталған спорт байқауына 500-ге жуық адам қатысып, олар 841 баспалдақпен жүгіріп өтуі тиіс.
Алайда шараға тыйым салынды. Мұндай шешімді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қабылдады.
«15 қыркүйектегі қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес «Медеу баспалдақ» жарысы өтпейді», - деп атап өтті ведомствадан.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.