АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Медеу» табиғи саябағының басшыларын кәсіпкерлік субъектісінен пара алғаны үшін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кәсіпкерлік субъектісінен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қою үшін пара алу фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр», - деп жауап берді Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі ҚазАқпарат жолдаған сауалға.
Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер жарияланбайды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.