Алматыда медиа-білім беру семинары өтеді

None
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қыркүйектің 6-10 күндері аймақтық журналистер мен баспасөз қызметкерлерін дайындайтын жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін медиа-білім беру семинары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны Коммуникацияларды дамытудың халықаралық бағдарламасы жобасы аясында Қазақстандық газет шығарушылар қауымдастығы мен Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросы бірігіп ұйымдастырып отыр. Семинардың басты мақсаты: ақпараттарды жинау, түпнұсқамен жұмыс, фактілерді тексеру, репортаждар әзірлеу және мақалалар жазуда аймақтық жоғары оқу орындары мен Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары үшін базалық журналистік дағдыларды оқытудың әдістемесін жетілдіру. Оған АҚШ-тағы Огайо университетінің Скриппс коммуникация колледжінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми жұмыс деканының орынбасары, философия ғылымдарының докторы, масс-медиа профессоры Дэвид Х.Моулд жаттықтырушы болады деп жоспарланып отыр. Бұл шара қыркүйектің 13-17 күндері Астанада жалғаспақ. Алматыдағы жиынға жергілікті және Ақтөбе, Қызылорда, Тараз, Түркістан және Шымкент қалаларынан, ал Астанадағы басқосуға елордалықтардан басқа Екібастұз, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Павлодар мен Семей қалаларынан өкілдер қатыспақ.