Алматыда медициналық көмекке бөлінетін қаражат бір жарым есеге артады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының инфрақұрылымдары 2020 жылы халыққа көрсетілетін қызметтерді сатып алуға толығымен дайын.

Қор медициналық сақтандыру саласындағы озықтәжірибелерді қолданысқа енгізіп, жүйені дамыту жұмыстарын алдағы уақытта датоқтатпайды. Бұл туралы Алматыда медициналық сақтандыру мәселелері жөніндегіаймақтық штаб отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарматөрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді.

Қор басшысы алдағы жылы Алматыда медициналық көмеккебөлінетін қаражат бір жарым есеге артатынын алға тартты.

«Нақтырақ айтқанда, 2019 жылы қала тұрғындарынамемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін тегін медициналық көмекке 114,9млрд теңге бөлінген болса, келесі жылы бұл сома 160,4 млрд теңгеге жетпек», - депатап өтті А. Жұмағұлов.

МСҚ төрағасының сөзіне сүйенсек, бұл медициналықсақтандыру жүйесінің енгізілуімен тығыз байланысты.

Бірер айдан кейін толық іске қосылатын реформаныңнегізгі мақсаты медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болғандықтанреформаны ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына жіті көңіл бөлініп отыр. Осығанбайланысты Алматы әкімдігі тұрғындар арасында ақпараттандыру жұмыстарын күшейтужөнінде нақты тапсырмалар берді.

«Реформа қарсаңында қалатұрғындарының МӘМС жайлы білу деңгейін көтеруіміз қажет. Әсіресе, биресми жұмысістейтін азаматтардың мәртебесін анықтаудың маңызы зор. Сол себепті әр тұрғынғадұрыс мәлімет беру, сондай-ақ, туындаған сұрақтарға толыққанды жауап беруреформаның табысты жүзеге асырылуына септігін тигізеді», - деді Алматы әкімініңорынбасары Ержан Бабақұмаров.

Сонымен қатар, Медициналық сақтандыру қоры жуық арадажеке байланыс орталығын іске қоспақ. 1406 бірыңғай байланыс орталығысарапшылары халыққа медициналық көмек пен сақтандыру жарнасына қатыстыжан-жақты мәлімет беріп, жұртшылықтан түскен арыз-шағымдармен айналысады.

Естеріңізге сала кетсек, «Әлеуметтік медициналықсақтандыру қоры» КЕАҚ кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен әлеуметтікмедициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде көрсетілетін қызметтердің қаржыоператоры болып табылады.

Соңғы жаңалықтар