ҚР «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес жұмыс беруші жұмыскердің еңбек денсаулығын сақтау мүддесіне орай қорға жұмыскердің кірісінен 1,5% көлемінде қаражатты ай сайын аударуға міндетті.
«Алматыда жұмыс берушілер тарапынан 452 қызметкерге аударымдар жүргізілген жоқ. Алмалы ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жұмыскерлердің денсаулығы үшін Қорға 1,6 млн теңге аударылды. Кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, жұмыс берушілерге жұмыскерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын бұлжытпай орындау қажеттілігі туралы түсіндіріледі», - делінген прокуратура хабарламасында.