Алматыда медициналық квота жүйесі талқылануда

АЛМАТЫ. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Емдеудегі медициналық квота жүйесі: мәселелер мен шешімдер» деген тақырыпта алқалы жиын өтті.

Оны Саяси шешімдер институты ұйымдастырып отыр. Сарапшылар онда жүйенің тиімділігін қалай көтеру керек, квота бөлудің қандай моделі барлық ауыр науқастарды қамтуға оңтайлы, мемлекеттік квоталандыру саласындағы мәселелерді қалай шешуге болады деген сияқты сауалдарға жауап іздеуде. Басты спикерлер ретінде оған - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет төлемдері комитеті төрағасының орынбасары Гүлім Асылбекова, «Милосердие» еріктілер қоғамының президенті Аружан Сайн, 4DClick жобасының жетекшісі Салтанат Мырзалинова-Яковлева қатысуда.

Жалпы денсаулық сақтау саласында қол жетімді және дер кезінде сапалы көрсетілген  медициналық қызмет тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Қазақстанда ондағы негізгі мәселенің бірі емдеуге медицналық квота бөлу жүйесі.  Жыл сайын квота бөлу тәртібі өзгеріп, аурулар тізімі кеңейтіп, бюджет ұлғаюда. Бұл бағытта мемлекет белсенді түрде жұмыс жасап жатқанымен,  оның тиімділігін көтеру әлі өзектілігін жойған жоқ.