Жиында мемлекет және қоғамдық бірлестіктер арасындағы серіктестік байланыстарды дамыту және нығайту мақсатында әкімшілік кедергілерді алу бойынша кеңейтілген бір топ мәселе талқыланды.
Басқосуда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Байсеркин осы салаға қатысты статистикалық мәліметтермен таныстыра отырып, қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде медициналық қызметкерлердің деңгейін анықтауда тәуелсіз медицина сарапшыларына қажеттілік туып отыр. «Біліктілік санаттары функцияларын ағымдағы жылғы 1 тоқсанда медициналық қызметкерлерге, бейіндік қауымдастықтарға беру тетігі қарастырылады. Сондай-ақ, ҮЕҰ-ларды бақылау және рұқсат функцияларын жүзеге асыруға алдағы уақытта мемлекеттік қызметкер емес, сарапшыларды тарту жалғасатын болады», деді Б. Байсеркин.