MEGA Алматының ашылғанына - үш, MEGA Астана және MEGA Шымкентке екі жыл толып отыр. Мерейтойды атап өту үш қалада да қатар өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматыдағы MEGA орталықтың директоры Айдын Сұлтановтың айтуынша, «мерекенің көзайымы мұз айдыны болмақ. Мұнда сағат 11:45-тен 22:00-ге дейін конкурстар өтіп, сыйлық ұтып алу ойындары ұйымдастырылады. Сондай-ақ КТК командалары мен әншілер өнер көрсетпек.
Бұл орталыққа шамамен күніне 30 мыңдай тұтынушы келеді екен.