деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл шара 2009 жылдың қорытындысы саралау және 2010 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтетін Азиялық паралимпиада ойындарына қатысуға дайындыққа арналып отыр. Оған Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті, ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитеті, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармаларының, республикалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мүгедектер спорты мектептері мен клубтарының жетекшілері және бапкерлері қатыспақ.
Семинар-кеңесте мүгедектер спортын дамытудың 2010-2012 жылдардағы басымдықтары талқыланып, республикалық және халықаралық жарыстар күнтізбесі бекітіледі. Спорт түрлері бойынша ұлттық құрама команда мүшелері мен бас және аға бапкерлердің тізімі жасалып, ел чемпионатын өткізу тәртібі мақұлданады. Сондай-ақ "Жылдың үздік спортшысы", "Жылдың үздік бапкері" аталымдары бойынша лауреаттар анықталып, мүгедектер спорты ардагерлері мен Қазақстанда мүгедектер спортын дамытуға көмектесіп жүрген ұйымдар атап өтіледі.