Бұл туралы бүгін «Алматы қаласының Көлік Холдингі» ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады.
«Жеңілдетілген «ОҢАЙ» көлік картасын алу үшін мектеп оқушылары мен студенттер өздері оқитын білім мекемесіндегі жауапты тұлғаға жүгінулері керек. Ал жауапты тұлға өз кезегінде тиісті өтінімді толтырып, «Алматы қаласының Көлік Холдингі» ЖШС жібереді. Дайындалған карталар оқу орындарында беріледі», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетелік, 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап, Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде жол ақысы тек қана «ОҢАЙ» картасы арқылы төленеді.