Алматыда мектепке дейінгі ұйымдардың 6 225 қызметкері вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Вакциналау науқаны басталғалы бері Алматыдағы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері (медициналық көрсетілімдері бар қызметкерлерден басқа) 100% вакциналанған. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Қалада бүгінгі күні барлығы 859 балабақша жұмыс істейді, оның 189-ы мемлекеттік балабақша, 670-і - жеке меншік.

«Бүгінгі күні Алматыда балабақшаларға 71 мыңнан астам бала барады, оның 38 мыңнан астамы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Ал жеке меншік балабақшаларға 32 мыңнан астам бала барады. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдар 20-25 бала бойынша топтардың 100 % толымдылығы режимінде жұмыс істейді, бұл ретте барлық санитариялық талаптар қатаң сақталуда», - деді Ләззат Жылқыбаева.

Оның айтуынша, барлық балабақшалар «Ashyq» жобасына қосылған және қажетті мөлшерде дезинфекциялық, антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген.

«Алматыда мектепке дейінгі ұйымдарда барлығы 7 099 қызметкер бар. Оның 6 225-і вакцина алды (мемлекеттік ұйымдарда - 3 375, жеке меншік ұйымдарда - 2 850), 874-де медициналық көрсетілімдері бар (342 - мемлекеттік ұйымдар, 532 - жеке меншік ұйымдарда).