Алматыда «Мектепке жол» акциясы қарқынды жүріп жатыр

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда республикалық «Мектепке жол» акциясы қарқынды жүріп жатыр, қайырымдылық жасауға асық жандар жетерлік, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда «Мектепкежол» қайырымдылық акциясы 5 шілдеде басталды. Бұл акция 12 жыл қатарынанөткізіліп келеді. Алматы қалалық білім басқармасының басшысы ГүлнәрХоджабергенова кәсіпкерлер мен меценаттарды қайырымдылық акциясына атсалысуғашақырды.

«Оқу жылыныңбасталуына аз қалды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары мен жетімбалаларға барынша қолдау қажет. Мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатыр,десекте қалталы азаматтардың да көмегі қажет. Қайырымдылық акциясына барыншақолдау көрсетіп жатқандарға алғыс айтамыз», - деді Гүлнәр Ходжабергенова.

Оның айтуынша, 2018жылғы акция «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтті. Осықайырымдылық шара бойынша 14 250 оқушы 141,3 млн теңгенің материалдық көмегін алған.

«Мемлекетбасшысының арнайы тапсырысына сәйкес, «Мектепке жол» акциясы жыл 12 айжалғасатын болады», - дейді Гүлнәр Ходжабергенова.