Алматыда мектепте атыс ұйымдастырған бұзақы 5 жылға бас бостандығынан айрылды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Әуезов аудандық соты ҚР ҚК-нің 103-бабы 2-бөлігі «ж» (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) тармағымен Курванжан Бабазовты кінәлі деп тауып, оған осы бап бойынша 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұл туралы бүгін брифинг барысында Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты. Жазасын өтеу жалпы тәртіптегі түзеу колониясы белгіленді. Сотталған 15 тәулік ішінде апелляциялық тәртібімен шағым түсіруге немесе наразылығын білдіруге құқылы. Естеріңізге сала кетейік, оқиға 2013 жылдың желтоқсан айында №5 қалалық мектептің директорлар кабинетінде болған. Өзінің бұрынғы әйелімен жанжалдасып қалған Бабазов «Оса» пистолетімен атыс тудырған. Оқ сол жерде болған А.Құрбановтың сол жақ шекесіне тиіп жаралаған. Осыған орай Курванжан Бабазовқа қатысты ҚР ҚК 103 бабының 2 тармағы бойынша (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) тармағымен) қылмыстық іс қозғалған болатын.

Соңғы жаңалықтар