АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы білім беру мекемелерінің қай уақыттан бастап жұмысқа кірісетіні туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, карантиннен кейін қаланың әлеуметтік саласы кезең-кезеңімен қалпына келтірілетін болады. Осылайша, мектепке дейінгі білім беру жүйесі жұмысты мамыр айының ортасынан бастайды. Міндетті түрде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптар сақталуы тиіс.
«Орта білім беру жүйесі төртінші тоқсанды қашықтан оқумен аяқтауға дайындалуда. Жоғары оқу орындары Білім және ғылым министрлігінің алгоритмі бойынша оқытылатын болады»,– деді Бақытжан Сағынтаев.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.