Желіде жарияланған жазбаға сәйкес, кейбір дереккөз мәліметінше Ы. Алтынсарин атындағы № 159 мектеп-гимназияның әкімшілігі жөндеу жұмысына ата-аналардан ақша жинаған.
Осыған орай Алматы қалалық білім басқармасы ресми мәлімдеме жасады. Білім басқармасы мектептің жыл сайын мемлекеттік қаражат есебінен жөнделетінін хабарлады.
«Алматы қаласының білім басқармасы аталған мәселені егжей-тегжейлі тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрғанын хабарлады. Сонымен қатар, мектептің жыл сайын мемлекеттік қаражат есебінен жөнделетінін хабарлаймыз. Мектеп әкімшілігі және қызметкерлерімен қаражат жинауға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Тексеру нәтижесі қосымша хабарланады. №159 гимназия директорына бақылауды әлсіреткені үшін тәртіптік шара қабылданды», - деп хабарлады қалалық білім басқармасы.