Алматыда Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстанның оңтүстік аймақтарын дамыту жөнінде кеңес өтуде

None
АЛМАТЫ. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен елдің оңтүстік аймақтарын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс кеңесі басталды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Алматы қаласының, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің баяндамаларын тыңдайды.

Алматы әкімі - Ахметжан Есімов, Алматы облысының әкімі - Аңсар Мұсаханов, Жамбыл облысының әкімі - Қанат Бозымбаев, Қызылорда облысының әкімі - Қырымбек Көшербаев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі - Асқар Мырзахметов.