Алматыда мемлекет қаржысына 2 мектеп пен 5 балабақша салынып жатыр

АЛМАТЫ. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда мемлекет қаржысына жаңа 2 мектеп пен 5 балабақшаның құрылысы жүргізіліп жатыр.   Бұл бүгін    қала мәслихатының ХХ сессиясында жартыжылдықтың  қорытындысы туралы әкім Ахметжан Есімовтің  есебінде  айтылды,

          деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Ахметжан Смағұлұлының айтуынша, білім беру жүйесі мен  нысандарын дамытуға ағымдағы жылы 35,3 миллиард теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,6 пайызға жоғары.  Қазіргі таңда мемлекет қаржысы есебінен Ұлжан, Әйгерім ықшам аудандарында 2 мектептің құрылысы және Жұлдыз ықшам ауданында 1 мектептің ғимараты  жалғастырылуда. Сондай-ақ 5 балабақша салынып жатыр. 

         Қаладағы барлық жалпы білім беру мекемелері мен кәсіптік-техникалық мектептер компьютерлік техникамен қамтылған. Онда 16 оқушыға 1 компьютерден келеді. Мектептерде 1-4 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған. Ұлттық бірыңғай тестілеуде қала оқушылары орта есеппен  75,7 балл жинады. Бұл республикалық көрсеткіштен біршама жоғары.