«Алматыда тарихи қалыптасқан жағдай бойынша 5-6 жастағы балалар үшін мемлекет төлейді, 3-5 жастағыларға ата-аналар коммерциялық талаптармен толықтай төлейді. Бүгінде айлық есептік көрсеткіш артты. Ата-аналар 27 мың теңге төлеуде, алайда шын мәнінде балабақшада бір орын 38 мың теңге тұрады. Бүгінде ата-аналар өздерінің балаларын балабақшалардан шығарып алып жатқанын байқаудамыз», - деді әкім.
Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселе әкімдікте тыңғылықты талқыланып, осы бағытта жергілікті бюджеттен 3 млрд. теңге бөлінді.
«Осы орайда ата-аналар орташа алғанда 15 мың теңге төлейді, яғни шамамен 20 мың теңге көлемінде үнемдеу болады. Бұл тұрғыда 17 мың бала қамтылады. Менің ойымша, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына тиісті қолдау жасалады», - деді ол.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, былтыр қалада 4900 орындық 52 балабақша тапсырылған көрінеді, оның ішінде 17-сі мемлекеттік бюджеттен, 34-і жеке қаржы және біреуі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік есебінен салынды.