Алматыда Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері қамауға алынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері алаяқтық әрекеті үшін сотталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Іс материалдарына сәйкес, Бостандық ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері Е.Назаров басқарманың бұрынғы қызметкері Б.Конусовпен сыбайласа отырып 10 млн теңге көлемінде алаяқтық жасады. Күдікті қызметтік лауазымын асыра пайдаланған», - деді департаменттен.

8 тамызда ҚР ҚК-нің 128-бабына сәйкес екі күдіктіні департаменттің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ұстады.

Алмалы аудандық соты Е.Назаров пен Б.Конусовты 2 айға қамауға алды.

Тергеу амалдары жалғасуда.