Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өткен бұл шараны "Нұр Отан" ХДП-ның Парламентаризм институты, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы және Қазақстандағы Финляндия Елшілігі бірлесіп ұйымдастырды.
Парламентаризи институты директоры Болат Байқадамовтың айтуынша, семинардың басты мақсаты - мемлекеттік органдар қызметінің титімділігін бағалау жүйесіне үкіметтік емес ұйымдарды тарту. Қазір елдің дамуында азаматтық сектор мен қоғамдық пікірдің маңызы зор. Бұл жиында олардың үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшыларға арналған әдістемелік құралы жан-жақты талқыланған. Онда оқулықтың 1-модулын Ләззат Түсіпова, 2-модулын Бауыржан Уақпаев таныстырған болатын.