Алматыда «Мемлекеттік сатып алу 2011» акциясы өтеді

АЛМАТЫ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - 28 желтоқсанда Алматы әкімдігінде «Мемлекеттік сатып алу-2011» акциясы өтеді.

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шара барысында Алматы әкімі Ахметжан Есімов пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов 2011 жылы өзара әріптестік туралы меморандумға қол қояды. Сондай-ақ ұлттық компаниялар мен Алматы қаласы бюджеттік бағдарламалар әкімшілігінің 2011 жылға сатып алу жоспары таныстырылады.