Алматыда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасалған - А.Есімов

АЛМАТЫ. 21қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматыда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Ол үшін жеткілікті қаражаттар бөлінуде.

Бұл туралы бүгін Алматыда Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған «Ана тілім - ардағым» фестивалінде оңтүстік астананың әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді.

«Жергілікті атқару органдарында құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу жыл сайын өсуде. Егер 2006 жылы бұл көрсеткіш 36 пайызды құраса, қазір ол 83 пайызға дейін көтерілді. Қала тұрғындарының 90 пайызы мемлекеттік тілді білуді өздерінің міндеті деп санайды. Жақын жылдары бұл көрсеткіштің бес пайызға көтерілетініне үміттенемін», - деп қосып өтті А.Есімов. Ол сондай-ақ мемлекеттік тілді білудің іргетастары балабақшалар мен мектептерде қаланатынын атап көрсетті.