деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Факультет ашылғаннан бері жылына 260 студент қабылдайды, дағдарыс кезінде студенттер қатары сол көрсеткіштен кеміген жоқ. Биыл бізге түскен «Алтын белгі» иегерлерінің осы факультетті таңдағандарын мақтанышпен айтқым келеді», деді оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректор Айгүл Сәтбекова.
«Мемлекеттік тіліміздің ертеңгі тағдыры бүгінгі жас ұрпаққа байланысты. Сондықтан да, ана тіліміздің абыройын көтеру, мәртебесін асқақтату, мемлекеттік тіліміздің қоғамдық өміріміздегі қолданыс аясын арттыру, өрісін кеңейту мақсатында осындай шаралар өткізудеміз», дейді шет ел тілдер факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақмарал Қанаева. Оның айтуынша, он күндікте факультет студенттері арасында «Тіл аруы» байқауы, тіл туралы шығарма жазу, газет сайысы, тіл туралы көрме ұйымдастыру сайыстары өтеді. Шара соңында қорытынды шығарылып, жеңімпаздар кітаптармен, тағы да басқа бағалы сыйлықтармен, құрмет грамоталарымен марапатталатын болады.
Шара аясында осы факультетке биыл қабылданған түлектерге арналып «Қадамың құтты болсын» атты студент қатарына қабылдау салтанатты кеші өтті.