Оны республикамыздағы партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен жастар ұйымдарының және зиялы қауым өкілдерінің басын біріктіретін «Тәуелсіздікті қорғау» демократиялық қозғалысы ұйымдастырып отыр. Қазақтың Санжар Асфандияров атындағы ұлттық медициналық университетінің Конгресс-холлында болатын бұл шараны қолдауға «Музарт», «Серілер», «Жебе», «Жасын», «Ұлытау», «До-Мажор» топтары мен белгілі өнер шеберлері қатыспақ. Жалпы. қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізбей тұрған шақта, яғни, 1989 жылдың 22-ші қыркүйегінде иеленген болатын. Ұйымдастырушылар бұл акция кезінде 21 жылда Қазақстан халқын біріктіретін, олардың басын қосатын негізгі факторға толық айнала алмай отырған мемлекеттік тіл мәселесі жан-жақты талқыға түседі деп жоспарлап отыр.
10:58, 15 Қыркүйек 2010
Алматыда "Мемлекеттік тілді қолдау" акциясы өтеді
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қыркүйектің 19-ы күні қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе иеленуінің 21 жылдығына орай «Мемлекеттік тілді қолдау" акциясы өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.