Аталған шара барысында 3 сәуір күні өтетін кезектен тыс президент сайлауына қаладағы колледж, гимназиялардың 18 жасқа толған жастары дауыс беруге дайын екендіктерін білдірді.
«700-ге жуық жас белсенділердің бірігу мақсаты - жастарды өз кандидатын қолдауға және ҚР Президентін сайлауға қатысуға тарту болып табылады», -дейді «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің төрағасы Айдар Қырықбаев.
Сондай-ақ аталған шараға Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының екінші курс студенті, «Сардар» фильміне түскен жас актер Рауан Мұратәлиев пен кинорежиссер, «Время не ждет» киносының режиссері Санжар Сұлтан қатысып, жастарды білімге ынталандыратын, әрі патриоттық сезімдерін нығайта түсетін өздерінің жүрек жарды тілектерін білдіре келе, барлық жастарды 3 сәуір күні өтетін Президент сайлауына қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.