Алматыда « Мен спортты таңдаймын» жәрмеңкесі өтті

АЛМАТЫ. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/- Бүгін Алматыда «Көшбасшылық бағдарлама-35 Қазақстан» бастамашы тобының ұйымдастыруымен «Мен спортты таңдаймын» жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған жобаның мақсаты - спорттық мәдениеттің дамуына үлес қосу, жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылар арасында таланттыларды анықтау, олардың спортшы ретінде қалыптасуына ықпал жасау.

Шара барысында оқушылар мен олардың ата-аналары қаланың спорттық мекемелерінің жұмысымен таныстырылды. Жобаға спорттық мекемелердің 20 өкілі мен 500 мектеп оқушысы қатысты. Акция соңында кәсіби спортшылардың көрсетілімдері болды.