Алматыда «Менімен бірге бол!» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда «Менімен бірге бол!» атты қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.

Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға арналған қайырымдылық жоба биылғы жылдың сәуір айында " Бала дауысы" балалар құқық қорғау орталығы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және еліміздегі АҚШ елшілігінің қолдау білдіруімен басталған болатын.

Акция бағдарламасындағы спорттық шараларға 7 жастан 16 жасқа дейінгі жастағы 50-ден аса балалар және олардың қамқоршылары қатысуда. Шілде айының басында олар Қапшағайдағы демалыс орындарында болып қайтқан. Ал тамыз айының басында олар волейбол, футбол, жүгіру және тағы да басқа спорттың әр түрінен сайысқа түседі.

Аталмыш шара жаз маусымының соңына дейін жалғасады.