деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл шараның негізгі мақсаты - жастардың шоғырлануы мен бірыңғай ұлттық ана-сезімді нығайту, ұлттық саясатты дамытуды жалғастыру, ұлттық ерекшелік пен мәдениетті дамыту және азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайта түсу», дейді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының директоры Дәурен Мұхамеджанов.
Шара аясында үнпарақтар байқауы, асфальттағы сурет, ұлттық билер, шығармалар байқаулары мен спорттың халықтық-ұлттық түрлерінен жарыстар өткізілуде.
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қаладағы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен өтіп отырған аталмыш шара қаланың жеті ауданы бойынша жүргізілуде.