1 маусым күнi ТЖ департаментi «Қауiпсiз жаз» акциясын бастады.
Медеу ауданындағы орталық саябақ пен Алмалы ауданындағы Құтқарушылар скверiнде «Қауiпсiздiк бұрышы» ашылып, жас алматылықтар мотоциклеттi экипаждар және құтқару техникасымен танысты.
Оқушылар үшiн волонтерлермен флешмобтар өткiзiлдi. Көпшiлiк жиналған орын қарбаласқа толы болды.
Мерекелiк шара барысында өрт сөндiрушiлерге ата-анасынан адасып қалған балаларға да көмектесуге тура келдi.
Медеу аудандық ТЖБ инспекторлары мен өрт сөндipушiлері өрт техникасындағы дауыс зорайтқыш арқылы ата-анасынан адасып қалған балалар туралы хабарлады.
Офицер формасы арқылы ата-аналар баласын көпшiлiктiң арасынан тез тауып алды.
2 сағаттың iшiнде 5 жас пен 8 жас аралығындағы 15 бала ата-анасына табысталды.